2024-03-04 13:10:24
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда қазақстан республикасы судьялар одағының Х спартакиадасының финалдық ойындары басталды

Түркістанда қазақстан республикасы судьялар одағының Х спартакиадасының финалдық ойындары басталды

Түркістанда Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Х спартакиадасының финалдық ойындары басталды. Спартакиаданың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев пен облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

– Түркістан облысында бес жыл ішінде өңірдің инвестициялық әлеуеті көтеріліп, Түркістан қаласы дами түсті. Облыс орталығында 250-ден астам құрылыс нысаны салынып, жобалар жүзеге асты. Солардың арасында спорт нысандары да аз емес. Бұның бәрі өңірде спорт саласын дамытуға тың серпін береді. Бүгін Түркістан төрінде сот жүйесінің өкілдерінің спартакиадасы өтіп жатыр. Осы дүбірлі доданың Түркістанда өтуі заңдылық деп білемін. Себебі Түркістан – түркі әлемінің мәдени және рухани орталығы. Ендігі кезекте спорт орталығына да айналатыны анық. Мемлекет басшысы спортты дамыту тапсырмасын жүктеді. Дені сау ұлт – мықты мемлекет болудың кепілі. Осында сайысқа келген әрбір азаматты салауатты өмір салтын насихаттаушылар деуге толық негіз бар. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат және сәттілік тілеймін! Түркістан төріндегі сайыста нағыз мықтылар жеңіске жете берсін! Ең бастысы, салауатты өмір салтын үлгі етіп, сергек көңілмен биік шыңдарды бағындыра беріңіздер! – деді облыс әкімі.

Ашылу салтанатында концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Аталған спартакиадаға еліміз бойынша 17 команда қатысып, 8 спорт түрінен бақ сынайды. Оның ішінде футбол, волейбол, арқан тарту, үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы, үлкен теннис спорт түрі қамтылған. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер марапатталады.

Түркістанда заман талабына сай «Олимпик центр» спорт кешені, «Түркістан-арена» стадионы, халықаралық теннис орталығы, «Мұз сарайы» бой көтерді. Жуырда ғана Октябрь Жарылқапов атындағы стадион жаңартылып, пайдалануға берілді. Қала аумағында шағын футбол және ойын алаңдары салынды. Қазіргі уақытта Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені мен ескек есу каналының құрылысы жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР