2024-04-23 07:41:19
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті

Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті

Облыстық «Farab» кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» мерекелік іс-шарасы өтті. Салтанатты шараға облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Ассамблея жастары республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшесі Достон Абдуалиев қатыстып, көпшілікті мерекемен құттықтады.

– Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Өңірде жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген тұрғындар үлесі 95 пайызға жетсе, орыс тілін меңгергендер – 64 пайыз, ал ағылшын тілін білетіндер 16,2 пайыздан асты. Биыл тілдерді оқыту орталықтарында 3 мыңнан аса талапкер мемлекеттік тілді меңгеруде. Оның 500-ден астамы өзге этнос өкілдері. Бүгінде облыстағы өзге этнос өкілдерінің арасыдағы қазақ тілін толық меңгерген азаматтардың үлесі 74 пайызды құрап отыр. Осы тұрғыда ел ертеңі саналатын жастардың қазақ, орыс, ағылшын және өзге де әлем мойындаған тілдерді жетік меңгеруін біз жаһандық дәуірдегі жаңа заманның игі талабы ретінде қабылдауымыз керек, – деді Әзімхан Серікұлы.

Осы салада еңбегі сіңген бірқатар тіл жанашырына басқарма басшысы Әзімхан Қойлыбаев облыс әкімінің Грамотасы мен Алғыс хатын тапсырып, басқарманың Алғыс хатымен марапаттады.

Шара барысында аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының көрмесі жасақталды. 60 студенттің қатысуымен «Ана тілім ардағым» поэтикалық композиция орындалды. Сондай-ақ облысқа белгілі өнерпаздармен қатар, Оқушылар сарайының  балалар әншілер тобы мен өзге этнос өкілдері де кеш барысында өнер көрсетті.

Облыста 11 этномәдени қызмет атқарады. Бұл қазақстандық қоғамның мәдени әралуандығын, рухани кемелдігін және азаматтық біртектілігін көрсетеді. Бүгінде этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептерде тыңдаушылар өз ана тілдері мен төл мәдениетін үйренуде. Ал қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге ынталы азаматтар үшін облыс аумағында тілдерді тегін оқытатын 17 орталық жұмыс жүргізуде.

Айта кетейік, шара мақсаты мемлекеттің тілдің қолданылу аясын кеңейту, әрбір этнос өкілінің мемлекеттік тілді білуге деген ұмтылысын арттыру, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін дәріптеу, кеңінен насихаттау болып саналады.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР