2024-07-27 13:39:11
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда Ордабасы ауданының үш бірдей музейінің көрмесі қойылды

Түркістанда Ордабасы ауданының үш бірдей музейінің көрмесі қойылды

Түркістан қаласындағы «Музейлер шеруі» кеңейтілген көшпелі көрмесі жалғасын тапты.  Мұнда «Ордабасы өңірінің тарихы мен тұлғалары» атты көрме халық назарына ұсынылды. Шараға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мен музей қызметкерлері қатысты.

Көрмеде Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінің қорындағы күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлына тиесілі сандығы, бас киімдері, кір тастары секілді заттарын арнайы киіз үй құрып, жасақтады. Бұдан бөлек көрмеге Ордабасы аудандық музейі қорындағы Кеңес одағы батырлары – Қарсыбай Спатаев, Бейсен Оңтаев, Сыдық Ысмайылов, Берген Исахановтың қолданған жеке заттары, марапаттары мен «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық музейінің қорындағы тас, қола дәуіріне тиесілі қола және тастан жасалынған құнды жәдігерлер қойылды.

Айта кетейік, үш бірдей музейдің көрмесі сенбі және жексенбі күндері де «Ұлы дала елі» орталығында болады. Қала тұрғындары мен қонақтары келіп тамашалай алады.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР