2025-02-15 18:18:23
-1.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда оқушылар арасында сайыс өтті

Түркістанда оқушылар арасында сайыс өтті

Түркістан қаласында орналасқан Оқушылар сарайындағы «ЮНЕСКО» клубында оқушылар арасында квест ойыны өтті. Жарысқа түрлі үйірмелерден 3 команда қатысты. Спорттық сайыс – оқушыларды ұжыммен бірге жұмыс істеуге, зеректікке, дәлдік пен ептілікке, ізденімпаздыққа үйретеді.

Тартысты өткен ойынның алғашқы кезеңінде 10 баладан құралған әрбір топ Оқушылар сарайының әрбір бөлігіне жасырылған фигураларды тапты. Содан соң логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетсе, үшінші кезеңде қараңғы бөлмелердің біріне жасырылған қара қағазды іздеді.

Сайыс нәтижесі бойынша барлық кезеңнің қорытындысымен ең көп ұпай жинаған «Жасылдар» командасы жеңімпаз атанып, арнайы диплом мен кубокқа ие болды. Ал, екінші орынға ие болған «Қызылдар» мен үшінші сатыдан көрінген «Сарылар» командасы да диплом мен медальдармен марапатталды.

Айта кетсек, оқушылардың белсенділігін арттыруға арналған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР