2024-03-19 12:36:22
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда «Өнерлі өлке» фестивалінің көшін Созақ ауданы жалғады

Түркістанда «Өнерлі өлке» фестивалінің көшін Созақ ауданы жалғады

Бүгін Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Созақ ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті. «Теріскей ән-күй еліміз, Түркістан – түндік төріміз» атты гала-концертке Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, ауданның жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар облыс тұрғындарын 5 жылдық мерекемен құттықтады. Шертпе күйдің шебері Сүгір Әліұлы туралы көрініспен бастау алған концерт А.Жұбанов атындағы Созақ балалар саз мектебі оркестрінің орындауындағы Сүгірдің  «Бөзінгенді» күйімен жалғасты. Бұдан бөлек «SozaQ dance» би тобы, «Созақ» триосы, «Шабыт» би тобы мен Кенжебай Шал бастаған аудан өнерпаздары өнер көрсетті. Ал «Bella Ciaao» скрипкашылар шоуы қала жұртшылығы мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, «Жайнай бер Созағым» әні мерекелік концертті қорытындылады.

Мәдени-рухани шараның алғашқы күндері Этноауылда «Ұлттық дәстүрлер – ұлт тәрбиесінің өзегі» атауымен салт-дәстүрге, атап айтқанда шілдехана, бесік той, келін түсіру, қамшы өру, жүн түту т.б. сынды көріністер көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар «Халқымыздың асыл мұрасы – ұлттық ойындар» атауымен қошқар көтеру, асық ату, ләңгі тебу, арқан тартк, гір тасын көтеру, қол күрес т.б. сынды ұлттық спорт түрлерінен білекті палуандар арасында сайыс өтті. Әрі қарай «Өзіңсің менің саз әнім…» атты Созақ ауданының 95 жылдығына орай ауданнан шыққан жергілікті сазгерлердің әндерінен ән шашу және «Күміс көмей, жез таңдай »атты дәстүрлі әншілер шеруімен жалғасты. «Ұлттық тағамдар – ұлт мақтанышы» атауымен ет, қарынбүрме, ұн, қуырдақ, үлпершек, өрме төстік, қымыз-қымыран, көмбе, бауырсақ және т.б. тағам түрлерінен жәрмеңке өтті.

Сонымен қатар, «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атауымен қолөнер және қылқалам шеберлерінің жәрмеңке-көрмесі өтті. Ерекше қолөнер бұйымдарына қалаға саяхаттап келуші туристер таңданысын білдіріп жатты. Сонымен қатар мұнда «Туған жерге тағзым» атты ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын көрме де жасақталған. Өңірдің рухани және мәдени әлеуетін арттыру мақсатындағы шараға «Өлкемізді өзгелер де танысын», «Гүлдене бер, түрлене бер, Түркілер төрі – Түркістан!» атты кітап көрмесі, «Тірлігі төрге, өндірісі өрге озған өлке» атты аудандық ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған.

Айта кетейік, «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің келесі көшін Сауран ауданы жалғайтын болады.

Түркістан облысы
мәдениет және туризм
баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР