2024-07-27 08:15:22
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда «Музейлер шеруі» көшпелі көрмесі басталды

Түркістанда «Музейлер шеруі» көшпелі көрмесі басталды

Облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен бастау алған «Музейлер шеруі» кеңейтілген көшпелі көрмесінде бірқатар музей жәдігерлері үш күн бойы Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды.

Атап айтқанда, «Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі», «Шардара аудандық музейі», «С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музейі», «Шаммат Ишан» музейі, «Миртемир атындағы әдебиет музейі», «Сарыағаш аудандық тарихи-өлкетану музейі», «Ардақты ана» музейі, «Т.Рысқұлов атындағы Түлкібас аудандық тарихи-өлкетану музейі» қорындағы құнды жәдігер мен бірегей өнер туындыларынан жасақталған көрме көпшілікке таныстырылды.

«Visit Turkistan» орталығы алаңында жасақталған көрме Түркістан облысының тарихы мен мәдениетін, рухани  құндылықтарын, елімізге танымал тұлғаларымыздың, экономикасының қарқынды дамуын айғақтайтын музей қорындағы жәдігерлер негізінде киелі Түркістанның бүгінгі жаңғыруы мен жетістіктерін халыққа таныстыру, насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Кеңейтілген көшпелі көрмеге 1 қыркүйек пен 29 қазан аралығында Түркістан облысындағы республикалық «Әзірет Сұлтан», «Отырар» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтарының, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы, облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты 24 музей қатысады.

Айта кетейік, музейлер шеруін 8-10 қыркүйек аралығында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жалғастырады.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР