2024-06-13 21:18:46
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир басталды

Түркістанда Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир басталды

Бүгін облыс орталығында бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, ОҚО және Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған жастар арасында ХІ  халықаралық турнир басталды. Жарысқа Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен еліміздің барлық аймақтарынан ең талантты деген жас боксшылар қатысып, бақтарын сынауда.

Турнирдің ашылу салтанатына арнайы қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бұл турнирдің маңызы жоғары екендігіне тоқталып, жас былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тіледі.

«Мемлекетіміздің мерейін асырған мақтанышымыз Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған жарыстың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Өздеріңізге мәлім, биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толды. Қасиетті шаһар облыс орталығына айналғалы бері 250-ден астам ғимарат бой көтерді. Халықаралық, әлемдік деңгейдегі  жарыстарды ұйымдастыруға арналған заман талабына сай жаңа ғимарттар ел игілігіне пайдалануға берілді.  Сан ғасырлар бойы Қазақ хандығының астанасы атанған Түркістанда әлі талай дүбірлі спорттық додалардың өткізілуі жалғаса бермек. Жастарға бокс саңлақтарының жеңісті жолы жұғысты болсын»,  деді Бейсен Тәжібаев.

Шаршы рингтегі тартысты турнирде 15 команда, 130-дан астам талантты жас боксшы  шеберліктерін шыңдауда. Жекпе-жекте жеңіске жеткен жеңімпаздар алда өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғайды.  Жарысқа арнайы келген Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымовтың айтуынша, жуырда ғана өткен Б. Саттарханов пен Ә.Нұрмахановты еске алуға арналған турнир де, бұл жарыс та боксшылар үшін Олимп шыңын бағындыруға басқан алғашқы қадамым деп еске алатын турнирге айналары сөзсіз.  Сидней олимпиадасының чемпионы сондай-ақ, түрленген, гүлденген қалада спорттық нысандардың көптеп салынуын жақсылыққа балап, өңірде спорт саласының дами түсуіне тілектестік білдірді

Халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 26 маусым күні анықталады.  Жарыстың алғашқы күнінде-ақ еліміздің намысын жоғары деңгейде қорғап жатқан Түркістан облысының жас спортшылары  өздерінің мықтылықтарын көрсетуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР