2024-07-27 07:26:39
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда мереке қарсаңында мерейлі отбасыға құрмет көрсетілді

Түркістанда мереке қарсаңында мерейлі отбасыға құрмет көрсетілді

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы күні атап өтіледі. Биыл 10 қыркүйекке тура келіп отыр. Осыған орай Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасына қарасты облыстық «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкерлері Түркістан қаласындағы мерейлі отбасыға құрмет көрсетті.

Тәліп Бейсенбайұлының отбасы тәлім-тәрбиесімен, үлгі-өнегесімен, мейірімділік пен адамгершілігімен, ынтымақ-бірлігімен, ырыс-несібесімен талайға үлгі болып отыр. Ардагер қария алғашқыда учаскелік мал дәрігері болып, 1974 жылы Түркістанның ауданаралық кадр бөлімінде қызмет атқарып, сол жерден 1990 жылы  зейнеткерлікке шыққан. 2020 жылы  «Шаңырақтан жылылық желдей ескен» кітабын жазып шыққан. Шаңырағы шаттыққа толып отырған жанұя жуырда ғана  «Мерейлі отбасы – 2023» байқауында жеңімпаз атанып, жүлделі екінші орынға ие болды. Бүгінде отбасы тірегі 94 жасқа келіп, 4 ұл мен 3 қызынан немере, шөбере, шөпшек сүйіп отыр.

Көрсетілген құрметке көңілі көтерілген қария елге деген ақ батасын жеткізді. «Барша қазақстандықтарды отбасы күнімен шын жүректен құттықтап, осы күнге жеткізген Жаратқанға әрдайым шүкір дейміз. Қазір немере-шөберелеріме де ақыл айтып, адалдықты үйретіп, дұрыс жолға салуға тырысамын. Олардың осындай тыныш заманда өмір сүріп жатқанына қуанамын! Үйлеріңізде бақ-береке, тек қуаныш болсын. Еліміз өркендеп, жастарымыз биіктерді бағындыра берсін!» –деді қария.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР