2024-07-27 08:18:20
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада аяқталды

Түркістанда мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада аяқталды

Түркістанда 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне  арналған облыстық спартакиада аяқталды. Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған сайыста мемлекеттік қызметшілер волейбол, кіші футбол, қазақ күресі, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, бильярд спортынан сынға түсті.

Дүбірлі сынға 42 команда және 1100-ден астам үміткер қатысып, жүлделерді сарапқа салды. Аса тартысты бәсекелер нәтижесінде жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жеңіп алды. Олар 107 ұпай еншіледі. Екінші орынға 96 ұпаймен Түлкібас ауданы әкімдігі ие болды. Ал үшінші орын Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаменті командасына бұйырды.

Спартакиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына диплом, медаль және кубок тапсырылды. Облыста топ жарған мемлекеттік қызметшілер республикалық спартакиадаға жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР