2024-07-27 12:04:04
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атақ беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

Түркістанда көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атақ беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру жөнінде комиссия отырысы өтті. Комиссия шешімі алдағы уақытта ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан белгілі болады.

Көркемөнерпаздар ұжымдарына  «Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы 28 наурыздағы №93 бұйрығына бекітілген. Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4632 болып тіркелген. Шығармашылық ұжымдардың жұмысын қосымша ынталандыру, шығармашылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау мақсатына сай бағытталған.

Шарада «Халықтық» (үлгілі) атағына ұсынылатын көркемөнерпаздар ұжымы  Мақтаарал ауданынан «Ақ алтын» ұлт-аспаптар ансамблі, Жетісай ауданынан «Хор»  ұжымы және «Аяна» би ұжымы, Келес ауданынан «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театры, Сайрам ауданынан Ибрагимовтер жанұялық ансамблі және «Самұрық» би ұжымы, Түркістан қаласы «Бисұлтан» би ұжымы, Ордабасы ауданынан «Асыл әжелер» ансамблі, Отырар ауданынан «Шәміл-Дүр» би ұжымы, Шардара ауданы «Ақмаржан» би ұжымы, Сарыағаш ауданынан «Еркетай» би ұжымы және «Арша» квартеті өнер көрсетті.

Көркемөнерпаз ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру жөніндегі комиссия құрамында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитетінің Репетуарлық саясат және өңірлік қызметті үйлестіру басқармасының басшысы, комиссия отырысының төрайымы Рига Оңаева, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының орынбасары Асылхан Темірхан, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормониясының «Сүгір» атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің бас дирижеры Ерлан Дәуренбеков, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Яссы» би ансамблінің көркемдік жетекшісі Қуат  Таукеев, Р.Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды драма театрының әртісі Нұржан Ізтаев бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР