2024-03-04 12:00:51
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда IV халықаралық «VOICE OF TURAN — 2023» байқауы өтеді

Түркістанда IV халықаралық «VOICE OF TURAN - 2023» байқауы өтеді

ҚР Республика күніне орай, қазан айының 19-20 күндері    Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде, Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық «Voice of Turan – 2023» қазақ әндері фестивалі өтеді.

Түркістан облысының 5 жылдығына арналған фестиваль мақсаты – шетелдік танымал әншілер арқылы қазақ музыкасын, қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын насихаттау.

— Түркістанда биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған ән байқауына Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, Әзербайжан, Польша, Беларусь, Молдова, Грузия, Бурятия, Болгария, Португалия, Испания, Куба, Аргентина елдерінен келген өнерпаздар қатысады. Атап айтқанда, 18-35 жас аралығындағы эстрадалық жанрдағы орындаушылар, ауқымды концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар, халықаралық ән байқауларында жетістікке жеткен үміткерлер бақ сынайды. Бұл байқаудың елімізде аналогы жоқ деуге болады. Мұнда өзге елдерден келген әншілер қазақ тілінде ән шырқап, сынға түседі. Осы арқылы ана тіліміздің мәртебесін арттыруды көздейміз, — дейді Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев.

Сондай-ақ, жобаның бас продюсері Мейіржан Алиакбаров байқауға қатысушы шетелдік өнерпаздардың саны жыл сайын артып келе жатқанын жеткізді. Байқауға қатысушылар бірінші күні елімізге танымал эстрада жұлдыздарымен бірге ән шырқаса, екінші күні қазақ тіліндегі классикаға айналған әндерді жеке орындайды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР