2024-07-27 07:30:28
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда халықаралық қазақ әндері байқауына қатысушылар арасында жеребе тасталды

Түркістанда халықаралық қазақ әндері байқауына қатысушылар арасында жеребе тасталды

Түркістан қаласы, «Ұлы дала елі» орталығында Халықаралық «Voice of Turan — 2023» қазақ әндері фестивалінің жеребе тастау рәсімі өтті. Әншілер кезекпен өз нөмірін таңдап алды. Салтанатты рәсімге Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры, аталмыш жоба продюссері Мейіржан Алиакбаров арнайы қатысып, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі. Түркістанда биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық ән додасында Еуропа және Азия елдерінен үздік үміткерлер бақ сынамақ.

19-20 қазан күндері Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өтетін сайыстың бірінші күнінде қазақ өнерінің шеберлерімен бірге дуэт орындайды. Ал екінші күні өз таңдауындағы қазақ әнін шырқайды. Құрамында фестиваль идеяларын танымал етуге ықпал ететін шығармашылық интеллигенция өкілдері, танымал орындаушылар, композиторлар мен продюсерлер бар кәсіби қазылар алқасы шын жүйрікті анықтайды.

Айта кетейік, Түркістан облысының 5 жылдығына арналған фестиваль мақсаты – қазақ музыкасын, қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын, қазақ тілін насихаттау. Музыкалық шығармалар арқылы әлемге қазақ халқының музыка мәдениетінің сан алуандылығын паш ету. Ұлы Дала елінде туындаған шығармаларда айқын сақталған музыкалық ерекшеліктерді көрсету. Түркі әлімнің рухани астанасы – киелі Түркістанды насихаттау.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР