2024-05-02 09:31:52
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда Бәйдібек және Төлеби аудандары музейінің көрмесі қойылды

Түркістанда Бәйдібек және Төлеби аудандары музейінің көрмесі қойылды

Түркістан облысының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Музейлер шеруі» кеңейтілген көшпелі көрмесі жалғасын тапты. Мұнда Бәйдібек аудандық сәулет-көркем музейі, Төлеби ауданының музейі және музей филиалы Тасарық ауылдық сурет галереясының қорынан жасақталған «Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы»  атты көрме халық назарына ұсынылды. Шараға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мен музей қызметкерлері қатысты.

Көрмеде Бәйдібек аудандық сәулет-көркем музейінің қорындағы XVIII ғасырдың аяғында Аппақ ишанның әжесі қолдан тоқыған жайнамазы, қолданған құран кітабы, саятшы Б.Есентаевтың қолынан жасалынған қорамсақ пен жебе, өгіз терісінің бетіне қазақтың ою-өрнегі мен күрестен көмкеріп қолдан жасалынған қалқан және тағы басқа жәдігерлер, Төлеби ауданының музейі және оның филилалы Тасарық ауылдық сурет галереясының қорындағы қылқалам шеберлері М.Қалдыбаев, Т.Тоғысбаев, әлемдік суретші деп танылған Е.Төлепбай, таэквандо өнерінің тарланы, спорт пен суретті қатар алып, өрге сүйреген біртума талант Б.Түлкиев, тоқыма және қолданбалы қолөнерші Е.Айтбаев, ағайынды суретшілер Қанат және Мұрат Қалқабаевтартың туындылары қойылды.

Айта кетейік, Бәйдібек және Төлеби аудандарының көрмесі сенбі және жексенбі күндері де «Ұлы дала елі» орталығында болады. Қала тұрғындары мен қонақтары келіп тамашалай алады.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР