2024-06-13 22:46:18
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда «Art Turkistan» халықаралық өнер фестивалі басталды

Түркістанда «Art Turkistan» халықаралық өнер фестивалі басталды

Түркістанда «ART Turkistan» Халықаралық өнер фестивалінің аясында суретшілер симпозиумы басталды.  Салтанатты шараны Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Түркістан түркі әлемінің орталығына айналған қасиетті өңір. Бұл шаһар ғасырлар бойы бүтін бір өркениеттің қайнаған қазаны атанып, озық ойлар мен ұлы ойшылдардың отаны атанды. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толып отыр. Аз уақыт ішінде қала көркейіп, заманауи ғимараттар мен рухани-мәдени орталықтар арқылы жаңа кейіпке еніп отыр. Руханият ордасына айналған Түркістанда тек облыстық шаралар емес, республикалық және халықаралық шаралардың өтуі біз үшін мәртебе. Соның бірі осы «АРТ Түркістан» халықаралық өнер фестивалі. Қатысып отырған суретшілерге сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін, – деді Әзімхан Серікұлы.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Облыстық мәдениет және туризм басқармасы, облыстық бейнелеу өнері музейі ұйымдастырған Халықаралық дәрежедегі Қазақстан бейнелеу өнері майталмандарының «Түркістан – түркілердің тұмары» симпозиумына  12 суретші қатысып отыр. Симпозиум барысында суретшілер Түркістан тарихынан сыр шертетін 12 көлемді шығарма жазып, ізденіс жұмыстарын музей қорына тапсырады.

Симпозиум – Киелі Түркістанды өнер тілімен насихаттау, әлемге Түркі әлемінің рухани астанасы деп ұлықтаудың жалғасы. Сонымен қатар фестиваль аясында Халықаралық дәрежедегі ТМД елдерінен шақыртылған өнертанушы-сарапшылар салынған туындыларға анықтамалық сараптама жұмыстары жүргізетін болады.

Маусым айының 16 жұлдызында басталған фестиваль 27 маусымда «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан бейнелеу өнері музейлерінің және облыс музейлері басшылары мен қызметкерлері қатысатын ғылыми конференцияға ұласып, фестиваль жұмысын қорытындылайтын ауқымды көрмемен аяқталмақ.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР