Бүгін «Қайсар жандар» абилитациясы шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты ерекше қажеттілігі бар азаматтардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету.
Түркістан қалалық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған жиынға Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Досыбай Шерменқұлов,
облыстық «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының басшысы орынбасары Күміс Кемелқызы, облыстық мәслихат депуттары Баймахан Сүлейменов пен Инара Намазбаева және
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, «Шапағат» мотивация орталығының директоры Еркінбай Керімбайұлы қатысты.
Басқосуда ерекше қажеттілігі бар жандардың қолөнер бұйымдарынан көрме қойылып, «Сауран» параолимпиада спорт клубының мүшелері көрермендерге үстел теннисі, жүзу, пара армрестлингтен пара мастер клас өткізді.
Сонымен қатар, жиын шығармашылық додаларда Түркістан атын танытып жүрген ерекше қажеттілігі бар жандардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Өз кезегінде сөз алған Ерлан Бақытжанұлы ерекше жандарды жан-жақты қолдауда жүзеге асып жатқан жобаларға тоқталып, жиынға қатысушыларға қала әкімінің алғыс хаттарын табыстады.
Шара соңында ұйымдастырушылар аталған жобаның жүйелі өткізілетінін жеткізді.
Жалпы, Түркістан атын асқақтатып жүрген ерекше қажеттілігі бар азаматтардың жеңістері жетерлік.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы чемпионатында түркістандық Жәнібек Елдос пара таеквондодан 2-ші орынды, Гаюпова Фарида пауэлифтингтен 1-ші орынды, дойбыдан Турманов Берік 1-ші орынды алып қуантса, дәл сол бәйгеде түркістандық Жумадуллаев Қуанышбек шахматтан 2-ші орын, дойбыдан Мықтыбай Зарина 2-ші орын алды.
Одан бөлек, Еркінов Сүйеніш Қазақстан Республикасы Паралимпиада ойындарында пара дздодан 3-ші орынды, Рахманберді Сәулет жүзуден 1-ші орын иемденді.
Сондай-ақ, Азия чемпионатында Оңалбек Бағланбек пара дзюдодан 1-ші орын, Қуандық Шадияр сурдо дзюдодан 1-ші орынды жеңіп алған болатын.