2025-02-15 18:24:15
-1.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Түлкібаста туристік кластерді насихаттауға бағытталған шара өтті

Түркістан: Түлкібаста туристік кластерді насихаттауға бағытталған шара өтті

Түлкібас ауданында туристік кластерді насихаттау, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, қоршаған ортаны аялау мақсатында «Шекарасыз спорт» тақырыбында мәдени және спорттық іс-шарасы өтті. Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған шараға облыстың белсенді жастары, әлеуметтік желіде жарияланған хабарландыру арқылы тіркелген азаматтар, БАҚ өкілдері, жалпы 150-ге жуық адам шақырылды.

Жеке демалыс аймағында өткен жиынға Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысты.

— Біз бүгін еліміз бойынша ең көне қорықтардың бірі, құрылғанына 97 жыл толған — Ақсу-Жабағылы қорығында жүздесіп отырмыз. Экотуризмді дамыту үшін ең алдымен табиғат жанашырларын тәрбиелеуіміз керек. Бүгін жиналған азаматтардың біразы түрлі сенбілікке белсене қатысушылар. Қоршаған ортамызды қадірлеу, тазалықты ұстану — көпке үлгі болатын әрекет екенін ұғындырғымыз келеді. Сондай-ақ мәдени және спорттық сайыстарды өткізудің ерекшелігін көрсету маңызды. Экотуризм бағытында былтыр бір жылда 74 мың турист келген болса, биыл 7 айда 101 мың адам Түркістан өңірінің табиғи парктері мен қорықтарында болған. Ендігі кезекте тек облыстық емес, республикалық және халықаралық деңгейде өткізуді қолға алу көзделуде, — деді Әзімхан Серікұлы.

Спорт саласы — белгілі ережелерге бағынғанымен, оның аясы кең. Әр адам таңдауына қарай арнайы залда, түрлі мекемеде, табиғат аясында немесе үй жағдайында спортпен шұғылданады. Түркістан облысында өткен кезекті ауқымды шара табиғат аясында өтетін спорт түрлерін танытуға және белсенді экологиялық туризмді дамытуға бағытталды.

Бағдарламаға сәйкес әуелі 30 адамнан топталып, Ақсу-Жабағылы қорығы музейінде табиғат әлемімен, қорықта өсетін өсімдіктер және тіршілік ететін жан-жануарлармен танысты. Содан соң барлығы іс-шараның ашылуына қарай бет алды. Алдымен «Қызыл ай» қоғамдық ұйымы алғашқы медициналық көмек пен қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Кезекті шеберлік сағатында экстремалды спорт түрлері, тауда немесе жазық далада велоспорт (Mountain bike),  жүгірумен айналысудың (Trail run) ерекшелігі таныстырылды. Одан кейін йога  жаттықтырушысы байсалды спорттың әдіс-тәсілдердін көрсетті. Ал Art терапия мастер-класында сезімдерді сурет арқылы ашуға және адамдарды өнер арқылы емдеуге көмектесетіні, эмоционалды даму құралы ретінде псхологияда қолданылатыны жайлы айтылды.

Әрі қарай қатысушылар бір уақытта өздері қалаған шеберлік сағатына қатысты. Имидж қалыптастыру айдарында Түркістан облысының табиғи қорықтары мен парктері, тарихи орындарының атаулары жазылған «Мен болмаған жерлер» жейделерінде ұяшықтарды белгіледі. Мастер-кластарды арнайы білікті, тәжірибелі мамандар жүргізді.

Бағдарлама тимбилдингпен қорытындыланды. Онда 10-ға жуық командалық ойын ұйымдастырылып, өте тартысты өтті. Қызықты сайыстың нәтижесінде жеңімпаз командалар анықталып, марапатталды. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-і бас директоры Серік Сандыбаев дипломдар мен кубоктарды табыстады.

Түркістан облысы мәдениет және туризм қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР