2024-03-04 12:59:31
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Түлкібаста «Кітапханадағы ашық есік күні – 2023» шарасы өтті

Түркістан: Түлкібаста «Кітапханадағы ашық есік күні – 2023» шарасы өтті

Түлкібас аудандық орталық «Кітапханадағы ашық есік күні – 2023»  шарасы және «Әлемді кітап арқылы танимын» байқауы өтті.

Мазмұнды шараға Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Орманов Ербол, аудан әкімінің кеңесшісі Сейсенбаев Садуақас, ауданның құрметті азаматы, маслихат депутаты, «Ауыл» ХДП партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы Көлбаев Оспан, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және  спорт бөлімінің басшысы Сейфуллаев Ерлан, Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасының бөлім меңгерушісі Таңат Перизат, кітапханашы Пернехан  Балнұр, Түлкібас аудандық түркі этно-мәдени орталығының төрағасы Абилов Жумабек Жолшыұлы қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Көлбаев Оспан жас ақындар мен қаламгерлерді қолдау мақсатында шығарған шығармалар жинағын аудандық кітапхана директоры Қамар Мекембайқызына сыйға тартты. «Бір ел – бір кітап» және «Түркістанның таңдаулы туындысы» акциясы аясындағы кітап көрмелері, «Бала руханиятының тірегі» атты кітап көрмесі, кітап инсталляциялары және кітапханалық безендірулер келушілер назарына ұсынылды. «Әлемді кітап арқылы танимын» байқауында Тастұмсық ауылдық кітапхананың тұрақты оқырманы Тавшанова Тахмина бас жүлде иеленді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР