2024-07-27 13:05:22
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан төрінде Тәжікстанның симфониялық оркестрі өнер көрсетті

Түркістан төрінде Тәжікстанның симфониялық оркестрі өнер көрсетті

Түркістанда Тәжікстан Республикасы Президентінің Атқарушы Аппаратының Мемлекеттік симфониялық оркестрінің кеші өтті. Екі елдің дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған өнер кешіне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы Бас консулы Бобохонзода Равшан қатысты.

– Өздеріңізге белгілі, Қазақстан мен Тәжікстан Республикалары осы жылдар арасында саяси, әскери, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық салаларда берік байланыс орната алды. Екі елдің ынтымақтастығын арттыруға бағытталған 100-ден аса маңызды құжаттарға қол қойылды. 30 жыл көлемінде қос мемлекеттің арасындағы мәдени-рухани үндестікте қанат жайып, дамып келеді. Осы жылдың басында айтулы датаның құрметіне облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы Душанбе қаласына барып, мерекелік ән кешін өткізген еді. Күні кеше Сарыағаш қаласында өткізген мерекелік өнер кеші де елдер арасындағы достықтың ерекше үлгісін көрсетті. Қос бірдей айтулы датаның аясында тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған өнер ұжымына ерекше алғыс білдіремін, – деді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы.

Облыстық «Farab» кітапханасының концерттік залында өткен аталмыш шарада Тәжікстан Мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен тәжік халқының ұлттық әндерімен қатар Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әні де шырқалды.

Айта кетейік, 2016 жылы құрылған Тәжікстанның Мемлекеттік симфониялық оркестрінде музыкант, концертмейстер, тәлімгер, дирижер сынды 127 өнерпаз жұмыс істейді. Оркестрдің репертуарында әлем классиктерінің шығармалары мен тәжік композиторларының шығармалары бар. Сонымен қатар Шығыс халықтарының фольклоры мен әуендерін кәсіби симфониялық музыкамен түсіндіруге негізделген туындылар ерекше орын алады.

Түркістан облысының
мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР