2024-07-27 05:32:08
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан төрінде ақындар айтысы өтті

Түркістан төрінде ақындар айтысы өтті

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты ақындар айтысы өтті.

Аламан айтысты Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалап, ақын, айтыскерТұрар Тілеулиев жүргізді.

Додада Нұрмат Мансұр, Жансая Мусина, Рауан Қайдаров, Кажымухан Абзалов, Мөлдір Айтбай, Дәурен Ақсақалов, Айым Асылбекқызы, Дәурен Ысқақ, Нұрғали Әнәпия, Аян Ниязбек, Нұрмахан Жақыпбек, Сіламхан Мұхаметқан бақ сынап, ақындар айтысы көпшілік көңілінен шыға білді.

Аталмыш бәйгеде айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын, Әльфараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің ұстазы Бегжан Аширбаев, ақын Бекмұрат Анарбаев, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов әділ қазылық етіп, бас жүлдені Дәурен Ақсақалов иеленді. Сонымен қатар,

Нұрмат Мансұров жүлделі І орын, Жансая Мусина және Мөлдір Атабай ІІ орын, Аян Ниязбек пен Қажымұқан Абзалов ІІІ орын иегері атанды.

Айта кетейік, ақындар айтысының мақсаты – тұғыры биік тәуелсіздігімізді, ордалы мекеніміздің жеңісті де жемісті жұмыстарын жырға қосып, жастарымыздың бойындағы Отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР