2024-07-27 07:44:33
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Төлебиде ақындар арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті

Түркістан: Төлебиде ақындар арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті

Төлеби ауданының төрінде қазақтың төбе биі атанған Төле би Әлібекұлы бабамыздың 360 жылдығы мен Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ақындар арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті.

Салауатты өмірді насихаттаған сайысқа Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Астана, Шымкент қалаларының ақындары қатысты.

Алатау мен Арқадан келген ақындарды аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек, мәслихат депутаты Пердебек Есқұлов секілді ел азаматтары құрмет көрсетіп, ақ ұсынып, қарсы алды. Белгілі айтыскер ақын Бекарыс Рахматуллаев жырдан маржан шашып, ауданның бас имамы Төле би бабамызға арнайы құран бағыштады. Одан соң ойын басталып командалар өзара бақ сынады.

Ойын нәтижесінде Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы 1 орын, астаналық «Допжарған» 2 орын, қызылордалық «Сыр елі» командасы 3 орын иеленді.

Түркістан облысының
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР