2024-06-22 02:37:32
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан театры астана төрінде «Фариза» қойылымын сахналады

Түркістан театры астана төрінде «Фариза» қойылымын сахналады

Бүгін Астана қаласында Түркістан музыкалық драма театрының гастрольдік сапары басталды. Жастар театрында «Фариза» спектаклін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, белгілі жазушы-драматург Роза Мұқанова бастаған зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

Мерекелік сапар елорданың 25 жылдығына және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Түркістан музыкалық драма театры 2-5 шілде аралығында үздік қойылымдарын көрермен назарына ұсынады.

Атап айтсақ, 4 шілдеде Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында жас драматург А. Нүсіптің «Мағжан» тарихи драмасын қояды. Спектакльде Мағжан Жұмабаевтың ағартушылық саласындағы еңбегі, махаббаты, ұлтқа адал қызметі, Сарыарқаны жайлаған аштық (1921-22 жж.) сынды өзекті тақырыптар бар.

Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театрында» 3 шілде күні Т. Ахметжанның «Махаббат мұнарасы», 5 шілде күні Е. Аманшаевтың «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы сахналанады.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР