2024-07-27 05:54:12
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Шардарада жағажай волейболынан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті

Түркістан: Шардарада жағажай волейболынан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті

Шардара қаласындағы Орталық стадионда жағажай волейболынан 2010-2011 және 2012 жылдан төмен жасөспірім қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті.

Жарысты ашылуында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Айдаров сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ашық деп жариялады.

Мемлекеттік әнұран шырқалып болғаннан соң жарыс басталып кетті.

Жатыс қорытындысы бойынша 2010-2011 ж.т. жүлдегер командалар:

І орын — Шардара-1

ІІ орын — Ордабасы ауданы

ІІІ орын — Шардара-2

 

2012 жылдан төмен қыздар арасында үздік атанғандар:

І орын — Шардара-1

ІІ орын — Атакент кенті

ІІІ орын — Шардара-2 командасы еншіледі.

Жеңімпаз командаларға медаль және  кубоктар табыс етілді.

Түркістан облысының
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР