2024-07-27 08:42:44
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Шардарада мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстары қадағаланды

Түркістан: Шардарада мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстары қадағаланды

Шардара ауданындағы мәдениет үйлерінде кемшіліктер анықталып, оны реттеу жұмыстары бойынша мамандарға міндеттемелер жүктелген болатын.

Жоспарға сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев тиісті бөлім басшыларымен ауылдық округтерде мәдениет үйлерінде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын бақылап, мамандарға нақты тапсырмалар берді.

Тарқата айтсақ, аудандағы Алатау батыр, Ұзыната, Сүткент ауылдарындағы мәдениет үйілерінің көрермендар залы қалпына келтірілген. Сонымен қатар, Қоссейіт, Достық, Ақалтын, Көксу ауылдық мәдениет үйлеріне ақтау және сырлау жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, Қызылқұм ауылдық мәдениет үйіне  күрделі жөндеу жұмысының жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық мәдениет және туризм басқармасына ұсынылды.

Сондай-ақ, аудандық «Абай» мәдениет үйінің алаңындағы баспалдақтарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, Жаушықұм ауылында «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында 200 орындықты мәдениет үйінің құрылысы жүргізіліп, нысан күзде қолданысқа берілмек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР