2024-07-27 07:26:39
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Шахматтан мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлер арасында ауданаралық жарыс өтті

Түркістан: Шахматтан мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлер арасында ауданаралық жарыс өтті

Келес ауданындағы «Қазыналы қария — Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында Келес ауданының құрылғанына 5  жыл толуы мен Елорданың 25 жылдық  мерекесіне орай шахматтан зейнеткерлермен мүгедектігі бар азаматтар арасында аудан аралық жарыс өтті.

Жарысқа Түркістан облысындағы 5 ауданан келген 15 шахматшы қатысып, жүлделі орынға таласты.

— Шахмат ойынына дайындықпен келген қатысушылардың, тұтастай алғанда ойындары өте қызықты өтті. Тәжірибелі ойыншылар тамаша ойын комбинацияларын қолданды, бірі қарсыласын ұпай санымен жеңсе, енді бірқатары тең ойын көрсетті,  — деді «Қазыналы қария — Тең қоғам» мекемесінің директоры Әйгерім Төлепбергенова.

Шаршы тақтада шахмат фигураларын шырқ айналдырған Сарыағаш ауданынан келген «Аялы алақан және қамқор» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының зейнеткерлері жүлделі I  орынды иеленді. II  орынды Келес  ауданының «Қазыналы қария – Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жеңіп алса, ал III орын Шардара ауданы «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дайындалған медальдар мен алғыс хаттар табысталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР