2024-03-29 16:10:45
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Сарыағашта өнер иелерімен кездесу өтті

Түркістан: Сарыағашта өнер иелерімен кездесу өтті

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Қабланбек ауылдық мәдениет үйі»  аумағындағы саябақта Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мереке иелерімен еркін форматта кездесу өткізді. Оған ауданның мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімдері, аталған сала қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

— Мәдениет — қоғам айнасы. Осы орайда, сіздерді кәсіби мерекемен шын жүрекпен  құттықтай отырып, саланың дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Өздеріңізбен арнайы жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Отбасыларыңызға амандық, шығармашылық  табыс тілеймін, — деген аудан әкімі мәдениет ардагерлері мен майталман мамандарды арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР