2024-07-27 12:26:48
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Сайрам ауданының әкімдігінде жылжымалы кітапхана пункті ашылды

Түркістан: Сайрам ауданының әкімдігінде жылжымалы кітапхана пункті ашылды

Сайрам ауданы әкімдігінің ғимаратынан жылжымалы кітапхана пункті ашылды. Жылжымалы кітапхана пунктінің ашылуына Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы Айбек Ақылбеков, Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәди Нұрлыбаев қатысты.

Сайрам аудандық кітапханасы директорының міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Рахимова орталықтың жұмысына шолу жасады. Кітап қорымен танысқан Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы Айбек Ақылбеков игі бастаманы қолдайтынын жеткізді.

Мұнда 1000-ға жуық кітап қойылған. Атап айтқанда көркем әдебиет, салалық кітаптар және мерзімді басылымдарды табуға болады. Оқырман сұранысына сәйкес, қажетті кітаптарды орталық кітапханадан алдыра алады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР