2024-07-27 09:22:42
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Қазығұртта тағы бір заманауи жабық футбол алаңы ашылды

Түркістан: Қазығұртта тағы бір заманауи жабық футбол алаңы ашылды

Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекенінде ауыл азаматы, спорт жанашыры Үшқара Құлажановтың демеушілігімен жабық футбол алаңы ашылды.

Түркістан облысының 5 жылдығына орай ел игілігіне берілген футбол алаңының ашылу салтанатына Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, Түркістан облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев арнайы қатысып, демеуші болған азаматтарға ауыл тұрғындары атынан ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен қатар іс-шараға облысымыздың спорт саласында қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтар мен аудандық мәслихаттың депутаттары, ауданның Құрметті азаматтары, ауыл тұрғындары қатысты.

Ашылу салтанатынан кейін ауыл округінің жастары және көрші ауылдардан келген футбол командалары арасында жарыс ұйымдастырылды.

Еске сала кетсек, таяуда Қазығұрт ауданында заманауи үлгідегі «Арсенал» жабық футбол алаңы ашылған болатын.

Түркістан облысының
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР