2024-07-27 12:50:53
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Қазығұрт тауына экскурсия ұйымдастырылды

Түркістан: Қазығұрт тауына экскурсия ұйымдастырылды

Қазығұрт ауданында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Облыстық жас туристер станциясы» КММ Қазығұрт аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіршіліктің бастауы – Қазығұрт тауы» тақырыбында экскурсиялық іс-шара өткізілді.

Сондай-ақ бұл шара ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығы» «Жаз қызығы – көңілді демалыс» іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Шара туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасын, өз елінің тарихына деген құрметін қалыптастыруды көздейді.

Іс-шараға «Облыстық жас туристер станциясы» КММ директоры Сәуле Өмірсерікқызы, мекеме қызметкерлері мен үйірмешілер және қала, аудандық бөлімдердің қызметкерлері қатысты.

Туған жерді терең тануға үндеген экскурсиялық шара жастардың бойында ата-бабаларына деген құрметті және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілігін арттырды.

Жиында флешмоб ұйымдастырылып, көңілді кешке жалғасты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР