2024-06-22 02:38:01
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: «Қазақтың үні – домбыра» атты мерекелік шара жастардың патриоттық рухын көтерді

Түркістан: «Қазақтың үні – домбыра» атты мерекелік шара жастардың патриоттық рухын көтерді

1 шілде — Ұлттық домбыра күні қарсаңында Түркістандағы «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен «Этноауыл» кешенінде «Қазақтың үні – домбыра» атты мерекелік концерт өтті.

Ұлттық рухты көтерген іс-шараға Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова, облыстық мәлихат депутаты Қалыйма Жантөреева, «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

— Домбыра — ғасырлар бойы қазақ халқымен бірге жасап, қиын-қыстау кезеңдерде елдің мұң-мұқтажын тілсіз жеткізген қастерлі аспабымыз. Бұрын оның үні алты қырдан асатын болса, қазір алты құрлыққа жетіп, әлем халқын тәнті етіп келе жатыр. Сондықтан, асыл домбырамыздың құдіретін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің идеологиялық маңызы зор, — деді іс-шараны ашып берген Оразкүл Шайхықызы.

Сондай-ақ, «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова да барша Қазақ елін мерекемен құттықтап, домбыраның маңызына тоқталып өтті.

— Ғасырлар бойы қазақтың үні болған домбыра — өткенімізді түгендеп, бүгінгі ұлттық идеологиямызды нығайтуға айрықша ықпал ететін жәдігеріміз. Оның күмбірлеген үнінде біздің тарихымыз, сан соқпақтан өткен ата-бабамыздың қуанышы мен қайғысы жатыр. Сол себепті, ұлттық аспабымыз әрбір үйдің төрінде ілініп тұруы керек және оны құрметтемейтін қазақ болмауы қажет деп ойлаймын. Күмбірлеген күйлер құлақтың құрышын қандырып, жүректің түкпіріндегі Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятатын күн көп болсын! Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын!, — деді Индира Сарқытқызы.

Мерекелік концертке келген көрермендер жас өнерпаздардың күмбірлете тартқан күйін, нақышына келтіре орындаған термелері мен халық әңдерін тыңдап, домбыра үнінің құдіретін сезініп қайтты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР