2024-07-27 08:50:07
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Қасымхан Бегмановқа арналған кеш Сауран мен Кентауда жалғасты

Түркістан: Қасымхан Бегмановқа арналған кеш Сауран мен Кентауда жалғасты

Түркістанда бастау алған ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары, «Құрмет» орденінің иегері Қасымхан Бегмановқа арналған кеш Сауран ауданында және Кентау қаласында жалғасты.

Алдымен Сауран аудандық мәдениет үйінің алаңында өнерпаздар ақын ағаның өлеңдерін оқып, кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Одан соң мәдениет үйінде  «Армысың, ағайындар алыстағы» атты шығармашылық кеші өтті.  Шараны жергілікті ақын Сайлаухан Жоланав жүргізіп отырды. Мазмұнды жиында Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы Қуандық Құлажанов, аудандық мәслихаттың төрағасы Сержан Байсбаев, облыстық мәслихаттың депутаты Баймахан Сүлейменов Қасымхан Бегмановты мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.

Бұдан соң қаламгер туған ауылына барды. Өзі оқыған мектепті көрді. Ауыл тұрғындары қуана қарсы алды. Ата-анасының басына құран бағыштады. Тағылымды шара Кентау қаласында жалғасын тауып, кентаулық оқырманға рухани кеш сыйлады. Шараға Кентау қаласының орынбасары Ақнұр Байболова құттықтау сөз сөйлеп, құрмет көрсетті.

Шарада Қасымхан Бегманов өзінің еңбек жолына тоқталып, әсерлі естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар кеш қонақтары филология ғылымының докторы, профессор, сыншы-ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қансейіт Әбдезұлы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, республикалық «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, филология ғылымының докторы, профессор, белгілі сыншы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының шетелдегі қазақ әдебиеті секциясының төрағасы Армиябек Сағындықұлы мерейтой иесінің шығармашылық жолы мен жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталып өтті.

Кездесуде мектеп оқушылары Қасымхан Бегмановтың өлеңдерін оқыса, мәдениет үйінің өнерпаздары ақын ағаның сөзіне жазылған әндерін шырқады. Шараның мақсаты – ақын жайында, оның ұрпақтан-ұрпаққа ұласар аса ғибратты еңбектері, оның қайталанбас туындыларының өміршеңдігін таныту, оқырман жадында мәңгі сақтау, әдебиетке деген ынтасын арттыру, ақынның шығармашылық әлемін, қолтаңбасының ерекшелігі жайында әсер қалдыру.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР