2024-02-21 03:53:36
-8.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан қаласының мәдениет күндері өз мәресіне жетті

Түркістан қаласының мәдениет күндері өз мәресіне жетті

Түркістан облысының 5 жылдығына арналған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында үш күнге созылған Түркістан қаласының мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Өңірдің туристік әлеуетін арттыру, ұлттық өнерді дәріптеу мақсатындағы шара ұлттық спорт ойындарымен қорытындыланды. Атап айтқанда, тоғызқұмалақ, қол күрес, асық ату, арқан тарту сынды спорт түрлерінен жастар бақ сынап, жиын соңында жеңімпаздары марапатталды.

Сондай-ақ, фестиваль аясында «Түркістан жетістіктері» атты көрме қойылды. Сонымен қатар, «Яссы» халықтық этнофольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен ұлттық нақыштағы әуезді әндер шырқалды. Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапхананың дайындаған кітап көрмесі мен көркем сөз оқыған балалар көпшіліктің көңілінен шықты.

Түркістан қаласының мәдениет күндері «Visit Center» орталығы алаңында өткен «Гүлденген Түркістан» атты гала-концертпен басталған болатын. Екінші күні ұлттық салт-дәстүр және әдет-ғұрып көріністерімен жалғасын тапты. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық тағам түрлерінен дәм татты. Қала тұрғындары мен қонақтары әжелер биі мен ақындар айтысын тамашалады. Сондай-ақ, халық әндері шырқалып, құмай тазы мен қыран бүркіт ерткен батырлар да кеш көркін кіргізді.

Айта кетейік, сәуір айынан басталған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аяқталып жатыр. Алдағы уақытта фестиваль қорытындыланып, 17 аудан-қала ішінен жеңімпаздар анықталатын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР