2024-03-04 13:19:15
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан қаласында Шуша қаласының күндері өтіп жатыр

Түркістан қаласында Шуша қаласының күндері өтіп жатыр

Түркістан қаласында Әзербайжан Республикасынан қонақтар келді. Шуша қаласы күндерінің ресми ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті Гюнай Эфендиева, Әзербайжан Республикасы Президентінің Шуша қаласындағы арнайы өкілі Айдын Керимов, Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Агалар Атамогланов қатысты.

– Сіздермен тарихи, жаңарған Түркістанда жолығып тұрғаныма қуаныштымыз.  Өздеріңіз білетіндей, Түркістан – түркі елдерінің рухани орталығы. Былтыр Қазақстан Президентінің Бакуға ресми сапарының аясында біраз құжатқа қол қойылды. Екі еларасындағы стратегиялық қатынастарды нығайтатын маңызды келісімдер жасалды.  Сол сапарда екі елдің Президенттері Түркістан мен Шуша қалалары арасында бауырлас қарым-қатынастарды орнату туралы хаттамаға қол қойған болатын. Міне, бүгін Түркістан мен Шуша бауырлас қалалар ретінде бірлесе іс-шара өткізіп отыр. Түркістан да, Шуша да тарихта орны бар қаһарман аймақтар.  Сондықтан бір-бірімен байланыс орнатуы – заңдылық. Бүгін облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы Әзербайжан делегациясын арнайы қабылдап, экономикалық байланыстар туралы тереңнен қозғады. Әзербайжан мен Түркістан арасындағы экономикалық, рухани, мәдени және туристік байланыстар нығая түседі деп сенемін. Қос тарихи қаланың абыройы асқақтай берсін! – деді облыс әкімінің орынбасары

«Farab» кітапханасында өтіп жатқан шарада Шушаның тарихы мен мәдениетін сипаттайтын суретшілер көрмесі жасақталған. Ал дизайнер және модельер Гүлнара Халилованың «Карабахтың ұлттық киімдері» сән үлгісі көпшілікті сүйсінтті.

Шара барысында «Хуршидбану Натаван» атты деректі фильм көрсетілді. Әзербайжанның мугам-триосының өнері (солист, тар, кяманча), Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының бастауымен құрылған «7 сұлу» музыкалық ансамблінің концерті көрермен назарына ұсынылды. Кеш соңында қор президенті естелік сый табыстап, құрмет көрсетті.

Айта кетейік, 4-5 қазан күндері Астана қаласында бастау алған Шуша қаласының күндері Түркістанда ертең де жалғасады. Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қоры мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті арасында меморандумға қол қойылады. Сонымен бірге меймандар қаланың көрікті орындарын аралайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР