2024-07-27 11:59:07
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Отырар ауданында «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» іске қосылды

Түркістан: Отырар ауданында «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» іске қосылды

Бүгін Отырар ауданы әкімдігінің ғимаратынан жылжымалы кітапхан пункті ашылды. Орталықтың ашылуына аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов қатысып, мемлекеттік қызметшілердің кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастаманың тиімділігін атап өтті.

Айта кету керек, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың тапсырмасымен «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында іске асуда.

Жобаның мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін қалыптастыру.

Кәсіби маман болып, біліктілігін үздіксіз арттыруға тырысатын әр адам өзін дамытуға уақыт пен мүмкіндік таба алуы керек. Ал адамды тәрбиелейтін бірден бір құрал ол – кітап. Қоғам алдында белгілі бір міндеттемелері бар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуден бастап халықаралық қатынастарға дейінгі салаларда мемлекеттік саясатты айқындайтын және оны іске асыратын мемлекеттік қызметшілер үшін бұл өте қажет.

Орталықтағы кітап қорымен танысқан аудан басшысы игі бастаманы қолдайтынын айтып, кітапханашылардың жұмысына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР