2024-07-27 08:20:18
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Ордабасыда Арыс қаласының мәдени күндері қорытындыланды

Түркістан: Ордабасыда Арыс қаласының мәдени күндері қорытындыланды

Түркістан облысында «Туған жер – алтын бесігім» атты қала, ауданаралық мәдениет күндері бастау алған болатын. Мәдени байланысты нығайтуға бағытталған шара аясында киелі Ордабасы төрінде Арыс қаласының мәдени күндері өтті.

Қолөнершілердің және кітап көрмесі мен арыстық әжелердің қазақи ою-өрнекпен өрілген киіз текеметтері көрермен назарына ұсынылды. Орталық алаң сахнасында әуелеткен ән кешінде Арыс қалалық мәдениет үйі өнерпаздары мен эстрада жұлдыздары халыққа концерт қойып, ауыл тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, Арыс қаласының мәдени күндері Берген, Жеңіс ауыл тұрғындарына арналған кештен бастау алып, қорытындысы Темірлан ауылының орталық алаңында жалғасын тапты. Тәжірибе алмасу мақсатындағы Ордабасы ауданының Арыс қаласындағы мәдени күндері 12,13,15 қазан күндері Арыс қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР