2024-07-27 09:07:22
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері азия ойындарында бағын сынайды

Түркістан облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері азия ойындарында бағын сынайды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін кезекті Азия ойындарына санаулы күндер қалды. Түркістан облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің талантты бір топ шәкірттері құрылықтық додаға қатысады. Тілшіміз тақырыпты жалғастырады.

Күз айында Қытайдың Хуанчжоу    қаласында өтетін кезекті Азия ойындары өтеді. Әр төрт жыл сайын алауы жанатын құрлықтық додаға жерлестеріміз тынғылықты дайындық жұмыстарына кіріскен.

Дүниежүзі бойынша спорт қарқынды дамып, бәсеке жыл сайын артып барады. Сол бәсекеге қабілетті саңлақтар қажет. Осы орайда, Қазақстан ұлттық құрама командасының сапында өнер көрсететін Түркістан облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің бір топ дарынды саңлақтары Азия ойындарында бағын сынайды. Бұл туралы мектеп директоры Шынболат Райханов кеңінен айта өтті.

Аталмыш ұжымның шәкірттері Токио олимпиадасының қола жүлдегері, 51 келідегі  Сәкен Бибосынов пен талай жекпе-жектерде жеңіске жетіп келе жатқан талантты боксшы 86 келідегі  Сағындық Тоғамбай Азия ойындарына қатысып, ұлттық құрама сапында Ел намысын қорғамақ. Бұдан басқа    садақ ату шебері Бунёд Мирзаметовтен спорт мамандары үлкен үміт күтіп отыр. Сондай-ақ, түркістандық таеквондошы Нұрлан Мырзабаев та жүлдеден үмітті. Сонымен қатар, бадминтон спортынан жарыс жолына шығатын жерлестеріміз Дмитрий Панарин мен Камила Смагулова бар. Ескек есуден  Ұлттық  құраманың мамандары облысымыздың спортшысы  Бекарыс Раматуллада да  бұл додаға қатысып, бағын сынайды. Бұдан басқа  талай спорт жанкүйерлерін таң қалдырған теннистен Гюзаль Айнитдинова да ел намысы үшін бар күш-жігерін көрсететін болады.

Түркістан облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде спорттың 11 түрі дамытылады. Атап айтқанда: бокс, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетика, академиялық есу, байдарка және каноэде есу, бадмитон, садақ ату, теннис спорт түрлері бар. Жалпы осы аталған спорт түрлерінде 123 спортшы кәсіби тұрғыда спортпен шұғылданса, 70 спортшысы еліміздің ұлттық құрамасы сапында шыңдаулуда. Ал, тәжірибелі 29 жаттықтырушы спортшыларды жан-жақты дайындауда. Бүгінде аталған ұжымның спортшылары әлем, Азия чемпионаттары мен  елшілік додаларда нәтижелі өнер көрсетіп, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 110 медальді облыс қоржынына салды.

Енді алда Азия ойындары. Қыркүйектің 23-і мен қазанның 8-і аралығында өтетін жазғы Азия ойындарына түркістандық спортшы ұл-қыздар баркерлерімен бірге қазір жоғары деңгейде жаттығу жиындарын өткізуде. Араларында шетелде бірнеше рет оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізген жерлестеріміз де бар. Бұл дүбірлі додаға сары құрлық елдерінің ең талантты деген саңлақтары қатысады деп күтілуде. Түркістан облысының басты үміті , бокстан Қазақстан ұлттық   құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов бұйыртса қос талантты былғары қолғап шебері Сәкен Бибосынов пен Сағындық Тоғамбай Париж олимпиадасының жолдамасы үшін таласуға ерік-жігерлері жететінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР