Шымкент қаласында футболдан жасөспірімдер арасындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен олимпиадалық бағыттағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің шәкірттері арасындағы 15 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Бұл футбол дадасына еліміздің барлық аймақтарынан 13 команда қатысты.
Аса тартысты өткен чемпионатта Шымкент қаласының №17 футбол мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Ал, Түркістан облысының намысын жоғары деңгейде қорғаған облыстық футбол мектебінің шәкірттері Ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жарыс барысында талантты шәкірттеріміз Ақтөбе облысының жас футболшыларымен күш сынасып, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұдан басқа Түркістан облысының «Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған облыстық футбол мектебінің» ізбасарлары мұның алдында Көкшетау қаласының командасын 2:0 есебімен жеңіп, жанкүйерлерін қуантты.
Жасыл алаңда өздерінің мықтылығын көрсеткен түркістандық жас ойыншыларымыздың болашағынан мол үміт күтіп отырмыз. Тәжірибелі футбол маманы , бапкер Мұратбай Досалиевтің ерен еңбектерін айта өткеніміз дұрыс. Ал, Ақтөбе қаласының жасөспірімдеріне қола алқа бұйырды. Осы орайда, жастардың жанашыры, білікті басшы Дәулетияр Әлиев бұл жеңісті жоғары бағалап, бапкерлердің жүйелі жұмыс жасауы үшін барлық жағдай жасауда.
Осылайша, футболдан ел болашағы болар- жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында ізбасарларымыз күміс жүлдемен туған елге олжалы оралды.