2024-04-28 08:41:00
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысының жас футболшылары Құралбек Ордабаев атындағы жарыстың жеңімпазы атанды

Түркістан облысының жас футболшылары Құралбек Ордабаев атындағы жарыстың жеңімпазы атанды

Шымкент қаласында футболдан жасөспірімдер арасында ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері, КСРО спорт шебері Құралбек Ордабаевтың жүлдесіне арналған республикалық жарыс өз мәресіне жетті.

Жарысқа 11 команда қатыстып, жасыл алаңда жасындай жарқылдады. Тартысты доп додасында Бекзат Саттарханов атындағы Түркістан облысының олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің командасы А тобында өнер көрсетіп, 5 кездесу өткізіп, барлық қарсыластарынан басым түсіп, өз тобында көш бастады.

Аталған ұжым алғашқы ойынын «Қыран» командасымен өткізіп 1:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші ойынды Түркістан облысы құрамасына қарсы өткізіп, 5:0 есебімен айқын басымдыққа ие болды. Сондай-ақ «Ақсу» командасын 4:0 есебімен тізе бүктірсе, «Қостанай» командасын 2:0 есебімен және «Оңтүстік Академия» командасын да 2:0 есебімен ұтып, финалға шықты.

Финалда Шымкент қалалық футбол мектебінің командасын 1:0 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ал екінші орынды Шымкент қаласының №17 олимпиадалық футбол мектебі еншілесе, үшінші орыннан Түркістан облысының «Ақсу» командасы көрінді.

Футбол бәсекесінде Бекзат Саттарханов атындағы білім ордасының түлегі Асхат Жаңбырбай қарсыластар қақпасына 8 гол салып, үздік шабуылшы атанды. Осылайша, тартысқа толы өткен жарыста Ерлан Бекасыл баптайтын шәкірттер топ жарып, өздерінің мықтылықтарын дәлелдеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР