2024-07-27 09:04:24
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысының туристік әлеуетін насихаттауға Ақтөбелік сала мамандары атсалысады

Түркістан облысының туристік әлеуетін насихаттауға Ақтөбелік сала мамандары атсалысады

Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының жанынан құрылған ақпараттық топ Ақтөбе облысында жұмысын жалғастырды. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының өкілдері Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасы, Кәсіпкерлік палатасының басшылығы, «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығы» КММ-нің мамандары, жергілікті туристік операторлар, мейрамхана және қонақ үй басшыларымен кездесті.

Жиын барысында Түркістан облысының туристік бағыттары таныстырылып, ақпараттық үнпарақтар таратылды. Кездесу нәтижесінде Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығы» КММ-і, «Four Tour» туристік агенттігі мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Келіссөзде іскерлік байланысты нығайту, өңірлердің туристік әлеуетін маркетингтік ілгерілету сынды бағыттар қарастырылған. «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Темірлан Садуақасов, туристік оператор Еркебұлан Аймұратұлы және түркістандық делегацияның жетекшісі Ерасыл Төлебаев бұл шараларды бірлесіп атқаруға уағдаласты. Сапар аясында түркістандық делегация «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығында болып, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ «Сарқыт» рухани-мәдени мейрамханасының қызмет көрсету барысымен танысты.

Айта кетейік, іссапардың негізгі мақсаты – Түркістан облысының туристік әлеуетін насихаттау, өңірге келушілердің санын арттыру, ішкі туризмді дамыту.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР