2024-07-27 08:48:35
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысының спортшылары тоғызқұмалақтан өткен азия чемпионатында 6 медаль иеленді

Түркістан облысының спортшылары тоғызқұмалақтан өткен азия чемпионатында 6 медаль иеленді

Моңғолияның елінің Баян-Өлгей қаласында зияткерлік ойын тоғызқұмалақтан VI Азия чемпионаты өтті. Тамыз айның 4-12 аралығына жоспарланған құрлықтық додаға 10 елден 200-ге тарта спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтады.

Ойлау қабілет пен шапшаңдықты талап ететін ойын түріне мықты деп іріктелгер әр өңірдің саңлақтары қатысып, жүлде үшін барын салды. Айтулы бәсекеге Түркістан облысының спортшылары да қатысып, 6 медальға қол жеткізді.

Әйелдер арасындағы тартыста Әсел Далиева классика бойынша күміс медальді өз атына жазса, рапид түрінде қолаға қол созды. Ал, 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Ақбота Намаздың мерейі үстем болды. Ол 2-алтын, 1-күміс медаьға ие болды. Классика және блиц түрінен алтын алса, рапид түрінде күміс медаль еншіледі. Сонымен қатар, тағы бір жерлесіміз Нұрсая Ұстазхан 14 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түсіп, қола медальді қанағат етті.

Осы жарысқа спортшыларды жан-жақты дайындап, алып барған тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы Камила Көпбаеваның ерен еңбегі бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР