2024-07-27 12:08:48
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысының қарттары салауатты өмір салтын қолдайды

Түркістан облысының қарттары салауатты өмір салтын қолдайды

Түркістан қаласында қазанның 2-3 күндері аралығында Ұлы Отан соғысының 78 жылдығына және «1 – қазан Халықаралық қарттар күніне»орай шахматтан және бильярдтан тыл еңбеккерлері мен ардагерлер арасында облыстық жарыс ұйымдастырылды.

Қарты бар елдің қазынасы бар дегендей біз қашанда қарттарымызды ардақтап, құрмет тұтып келген халықпыз.

Қарттарымыз еліміздің өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз. Үлкенді сыйлау – ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз.

Осы орайда ардагерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мен жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, зияткерлік ойын түрлерін халық арасында кеңінен дамыту мақсатында өткен жарысқа әр спорт түріне аудан, қаладан 2 адамнан, яғни 4 ардагер қатысып, өзара үздіктерді анықтады.

Спорттың екі түрін қамтыған жарыстың ашылу салтанаты да жоғары дәрежеде өтті. Ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Рустемқызы қазыналы қарттарымызды мерекелерімен құттықтап, жарыста барлығына сәттілік тіледі.

Тартысқа толы өткен жарыстың жеңімпаздары да белгілі болды. Сонымен қорытындыда шахматтан Түркістан қаласының командасы 1-орынды алса, Төлеби ауданының ардагерлері 2-орынды иемденді. Ал, Кентау қаласының құрамасы 3-орыннан көрінді. Сонымен қатар, жекелей сында да жеңімпаздар анықталды. Бұл сайыста Түркістан қаласының өкілі Қуанышбек Джумадуллаевқа тең келер қарсылас болмады. Ал, төлебилік Әбілқасым Ерімбетов 2-орынды еншілесе, тағы бір төлебилік қария Сүйінбек Тәжібаев 3-орынды қанағат етті. Тартысты шахмат ойынында Сәттібек Сүйіндік пен Дәулетбек Төлеш үздік деп танылды.

Сонымен қатар, бильярдтан да жеңімпаздар белгілі болды. Жекелей сында бас жүлде Түлкібас ауданының зиялысы Омар Тұрсынбековқа бұйырса, 2-орынға кентаулық Умирзақ Акмалаев жайғасты. Ал, қола жүлде Бәйдібек ауданының өкілі Абдимахсут Рахманкуловтың уысына түсті.

Сондай-ақ, үздік командалар бойынша да орындар анықталды. 1-орын Түлкібас құрамасы, 2-орын Кентау, 3-орын Бәйдібек ауданының командасына тиесілі болды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР