2024-07-27 07:56:45
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысының ескекшілері — ел кубогінің иегері

Түркістан облысының ескекшілері — ел кубогінің иегері

Теміртау қаласындағы Самарқанд су қоймасында ескек есуден Қазақстан кубогін сарапқа салған жарыс аяқталды. Мамыр айының 17-19 аралығына жоспарланған сайысқа еліміздің 5 облысынан іріктелген ескекшілер қатысып, ел кубогіне таласты. Аса тартысты өткен бәсекеде түркістандықтар жоғары нәтиже тіркеді.

Жалпы 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль олжалап, ел кубогінің иегері атанды. Финалдық жарыстардың қорытындысында жеңіс шыңын бағындырған спортшылар арасында жұптың сында Байсангур Цатышаев пен Иван Чернухин жеңістің шыңын бағындырса, жекелей сайыста Адилет Керимбектің бағы жанып, алтыннан алқа тақты.

Ал, қыздар арасындағы бәсекеде жерлесіміз Екатерина Носковаға тең келер қарсылас болмады. Сонымен қатар, Владислав Яковлев те бұл бәсекеде топ жарды. Сондай-ақ, қыздар арасындағы жұптық сында Айлин Айдарова мен Нурия Тилияева барлық қарсыласын басып озып, алтын жүлдені қанжығалады.

Ескек есуден өткен кубог жолындағы тартыста командалық бірінші орынды Түркістан облысы иеленді. Қоржындарында 5-алтын, 1-күміс, 1-қола медаль бар. Тартысқа толы бәсекеде командалық екінші орында Қарағанды облысының ескекшілері алды. Олардың еншісінде 2-алтын, 1-күміс және 4-қола медаль бар. Ал, командалық үшінші орын Астана қаласының спортшыларында. Елорлалықтар 1-алтын, 5-күміс және 1-қола жүлдеге қол жеткізді.

Осындай ғаламат нәтижеге қол жеткізген саңлақтар Түркістан облыстың су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Ел кубогінде топ жарған спортшыларды жан-жақты дайындаған жаттықтырушылары ескек есуден облыстың аға жаттықтырушысы Михаил Ковалев, Русла Фаритов және Александр Штепенконың еңбектері орасан.

Жеңімпаздар мен жүлдгерлерді құттықтаймыз! Біз бар жерде — жеңіс бар!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР