2023-09-30 02:32:35
14.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Түркістан облысының екі таеквондошысы жазғы Азия ойындарына барады

Түркістан қаласында таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан Кубогы аяқталды. Ерекше әрі жаңа форматта өткен бәсекеде ерлер арасында – 5, әйелдер арасында 5 салмақ дәрежесінде чемпиондар анықталды. Оларға биыл  Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарының жолдамасы берілді.

Әйелдер арасында 49 келіде – Ботакөз Қапанова (Қызылорда), 53 келіде – Азиза Қаражанова (Жамбыл облысы), 57 келіде – Мария Севостьянова (Атырау), 67 келіде – Нұрай Құсайынова (Атырау облысы), +67 келіде – Жансель Дениз (Алматы қаласы) чемпион болды. Ал ерлер арасында 58 келіде – Елдос Ысқақ (Жамбыл облысы), 63 келіде – Нұрбек Ғазез (Алматы қаласы), 68 келіде  – Эльдар Бірімбай (Маңғыстау облысы), 80 келіде – Нұрлан Мырзабаев (Түркістан облысы) және +80 келіде Смайыл Дүйсебай (Түркістан облысы) алтын медальға ие болды.

Командалық есепте Алматы қаласының командасы жеңімпаз атанса, Атырау және Жамбыл облысының таеквондошылары екінші-үшінші орындарды бөлісті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР