2024-04-13 15:37:27
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысының ауыл кітапханаларына 26 мың кітап үлестірілді

Түркістан облысының ауыл кітапханаларына 26 мың кітап үлестірілді

Түркістанда Түркістан облысының құрылғанына  5 жыл толуына орай Облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» атты рухани мәдени іс-шарасының қорытынды кеші өтті. Кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, өңірдің зиялы қауым өкілдері мен кітапханашылары қатысты. Жиынға Облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділ Қонысбеков модераторлық етті.

«Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» іс-шарасының аясында Тараз, Алматы, Қызылорда, Астана және Шымкент қалаларына әдеби сапар жасалды. Сапар аясында зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, кітап көрмесі өткізіліп, концерттік бағдарлама қойылды.   Аталған іс-шара аясында «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы қолған алынған болатын. Акцияның мақсаты – өңірдегі ауыл кітапханаларының қорын толықтыру.

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында жиналған 26 мың кітапты аудандық кітапханашыларға сыйға тартты. Әр ауданға орта есеппен 1300-ден астам кітаптан үлестірілді.

Аталған акцияға өлкемізден шыққан зиялы қауым өкілдері, депутаттар, журналистер, қаламгерлер, ҚР Ұлттық архиві мен ҚР Ұлттық академиясы, Португалия, Үндістан, Өзбекстан, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан елдердерінің елшіліктері, Қазақстан жазушылар одағы, Түркі академиясы ұжымы, «Дәулеттен» қайырымдылық қоры, Ғылым ордасы үлес қосты. ҚР Ұлттық кітапханасы – 7000, Жамбыл облыстық Ш.Уалиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы – 1000, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы – 4000, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – 4000,  Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы 2000 кітап тапсырды.

Түркістан жұртшылығы жанашырларға ризашылықтарын білдіруде. Кездесудің екінші бөлімі облыс әкімі орынбасарының өңір кітапханашыларымен кездесуімен жалғасты.

Жиында кітапханалардың бүгінгі жай-күйі, оқырмандарды тарту, кітапханалардың материалды-техникалық базасы туралы өзекті мәселелер көтерілді. «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова кітапханаға келушілер саны артқанын мәлімдеп, «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» жобасының қорытындысы жайлы баяндады. Түлкібас аудандық кітапханасының директоры Қамар Мекембайқызы аудандық кітапханалардын жағдайына тоқталса, саурандық кітапханашы Гауһар Ағыбайқызы апаттық жағдайдағы кітапханалар жайын қозғады.

Түркістан облысында 396 кітапхана бар. 2023 жылдың І жартыжылдығында облысқа қарасты кітапханалардың кітап қоры  6 млн. 85 мыңнан асты. Өңірдегі 396 кітапхананың 54-і ғана жеке ғимаратта орналасқан. 153-і мәдениет үйлерінен қоныс тепкен. Апатты жағдайдағы және күрделі жөндеуді талап ететін 13 кітапхана бар. Интернетпен қамтылмаған кітапханалар де тіркелген. Облыс әкімінің орынбасары осы мәселелерді шешу бағытында жұмыс жүретінін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР