2024-07-27 07:42:41
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысында спортты дамытудың жаңа реформасы әзірленеді

Түркістан облысында спортты дамытудың жаңа реформасы әзірленеді

Түркістан облысында кәсіби және бұқаралық спортты дамытудың жаңа реформасы әзірленеді. Бұл туралы облыстық спорт басқармасында өткен жиында сала мамандары жан-жақты талқыланды. Өңірде спорт саласын дамыту жұмыстарын жандандыру үшін, басқармаға бағынысты мекеме басшыларының ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.

Жиында басқарма басшысының орынбасарлары Айдос Қалтаев пен Жазира Рустемқызы сала мамандарының ұсыныстарын жіті тыңдап, маңызды деген мәселелерді түртіп қойды.

Спортта күрделенген мәселе көп. Халықаралық сайыстардағы нәтижені жақсарту үшін не істеу керек?

Осы орайда келелі басқосуға қатысушылар өз ойларын бөлісіп, барынша өңірде спортты қайтсек жоғары деңгейде дамытамыз деп бар ойларын ортаға салды.

Негізгі мақсат өңірде олимпиадалық спорт түрлерінен көптеп спортшыларды дайындау. Бұл үшін барлық аудан-қалада орналасқан спорт мектептерінің жұмысын жүйелендіріп, спартакиада мен облыстық чемпионаттарды көптеп ұйымдастыру керек дейді, сала мамандары. Сонымен қатар, жиында облыстың аға жаттықтырушылары өз спорт түрлері бойынша жылына екі рет семинар ұйымдастыру мәселесі де тілге тиек етілді.

Бұқаралық спортты дамытатын іс-шараларды, сайыстарды, марафондарды көбейтіп, жыл он екі ай бойы сайыстарды көптеп өткізу де жоспардан тыс қалмады. Енді алдағы уақытта жалпы спорт саласын дамыту бойынша сараптама жасап, жаңа саясат, жоспар әзірленіп, бірқатар жұмыстар атқарылатын болады.

Облыстың спорт мекемелерінде спорттың 61 (29 олимпиадалық, 32 олимпиадалық емес) түрі дамытылып, онда 2426 жаттықтырушы 60 мыңға жуық шәкіртті шыңдап жатыр. 2023 жылдың 9 айында облыс спортшылары спорттың 61 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарына қатысып, 375  алтын, 271  күміс, 277  қола, жалпы 923 медаль жеңіп алды.

Азия чемпионаттары мен кубоктарында 90 алтын, 56 күміс және 33 қола медальға қол жеткізсе,  әлем чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 49 алтын, 27 күміс және 11 қола медальға ие болды. Ал жуырда аяқталған жазғы Азия ойындарында түркістандықтар 2 күміс, 2 қола еншілеген.  2024 жылы Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына облыстан 11 үміткер спортшы дайындалуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР