2025-02-15 18:23:00
-1.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысында алғаш рет страйкболдан халықаралық ашық чемпионат өтіп жатыр

Түркістан облысында алғаш рет страйкболдан халықаралық ашық чемпионат өтіп жатыр

Түркістан облысында алғаш рет халықаралық деңгейде «EAGLES OF TURKISTAN» атты страйкболдан (Airsoft) ашық чемпионаты бастау алды.

Екі күнге созылатын тартысты сайыс Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен табиғаты әсем Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылында өтіп жатыр.

Жастардың сұранысы негізінде қолға алынған іс-шараның мақсаты – өңірде спорттық және экстремалды туризмді дамыту, шетелдік ойын қатысушыларына Түлкібас ауданының туристік потенциалы мен табиғи көрікті жерлерін таныстыру, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Ашық чемпионатқа Қазақстанның Алматы мен Ақмола облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының ойыншыларынан бөлек, Қырғызстан елінен 3 команда қатысуға қызығушылық танытты.

Бүгін топтық ойында жалпы 70 қатысушыдан құралған 10 команда бақ сынап, іріктелгендер финалдық бәсекеде сынға түседі. 16 шілде күні жеңімпаздар анықталып, марапатталады.

«EAGLES OF TURKISTAN» ашық чемпионатының жалпы жүлде қоры — 1 500 000 теңге. Жобаның басты серіктестері — «Vellini Airsoft» дүкені және «Red Bull» энергетикалық сусындар компаниясы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР