2024-07-27 08:18:09
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысында Абай күні кең көлемде аталып өтті

Түркістан облысында Абай күні кең көлемде аталып өтті

Абай күніне орай аудан, қалаларда бірқатар шаралар өтіп, ұлы ақынның шығармалары әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталып жатыр.

Айтулы күн облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Абай ескерткішіне тағзым етуден басталып, «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби-рухани шараға ұласты. Сондай-ақ, «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан облыстық жас туристер станциясының жетекшілері мен оқушыларының қатысуымен Абай өлеңдерін оқу сайысы өтті.

Абай шығармаларын насихаттау мақсатында аудан, қалаларда да түрлі шаралар мен сайыстар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Түлкібас аудандық орталық кітапханасыжәне Отырар аудандық кітапханасы «Абай оқулары» байқауын ұйымдастырып, Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде, Түлкібас ауданында әдеби сазды кеш өтті. Сондай ақ, Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында «Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы» атты әдеби кеш аясында Қазығұрт аудандық халық театры әртістері «Абайдың арманы» атты қойылымы сахналанды.

Сонымен қатар өскелең ұрпаққа Абай қазақтың даналығын бойына сіңіре отырып жазған шығармашылығын жас ұрпақ тәрбиесіне жүйелі түрде енгізу мақсатында Қ.Өмірәлиев атындағы Қазығұрт аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Сарапхана елді мекенінде орналасқан Бекет ата кесенесінде «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.

Күні бойы мәдениет мекемелерінің әлеуметтік желілерінде түрлі бейнероликтер және #Abaychallenge хэштегімен эстафета бастау алып, Ұлы Абай өлеңдері кеңінен таралды. Сондай ақ, Жабағылы ауылдық модельді кітапханасы «Қазақ даласының сұңқары» атты Абайдың қара сөздерінен байқау ұйымдастырып, QR код көмегімен Абай көрмесі жасақталды. Көрмеде «Абай Құнанбайұлы өлеңдері» кітабынан оқырмандарға BIG drem қосымшасының көмегімен Абай өлеңдеріне 3D бейне көрсетілімдер өтті.

Күн соңы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Абай облысында өткен ХХIV республикалық Абай оқуларында Түркістан облысының 2 оқушысы жүлделі ІІ орын иеленуімен қорытындыланды. Республикалық кезеңге Түркістан облысы  атынан қатысқан Мақтаарал ауданының оқушысы Айдана Басымбек Абайдың 221 өлеңін жаттап, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша ерекше көзге түсті. Бұдан бөлек Қазығұрт ауданының оқушысы Жақсыкүл Орынбай «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағыты бойынша үздіктер қатарынан көрінді.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР