2024-07-27 07:26:38
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының өкілдері «Астана» шыңына көтерілді

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының өкілдері «Астана» шыңына көтерілді

Елорданың 25 жылдығына орай белсенділер тобы биылғы жылы «АСТАНА» тау шыңына (биіктігі 4 555 метр) алғаш рет көтерілді.

Керемет көркем тау шыңы Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Орталық Тянь-Шань тау сілеміне кіреді, аты аңызға айналған «Хан Тәңірі» шыңына іргелес орналасқан және табиғаты тамаша «Баянкөл» көркем шатқалының үстінен асқақтап тұр.

«Көтерілу, әсіресе орасан үлкен «сөрені» елестететін тау бөктеріне, Астана шыңының тұғырына шығу аса қиын болды. Содан кейін қорымдық беткейлерді бойлап жотаға шықтық, 100 метрден кейін түпкі мақсатқа қол жеткіздік. Шыңды бағындыру әрекетіміз 45 градус бұрышпен жеті сағат уақытты алды, базалық лагерьден биіктік айырмашылығы 1250 метрді құрады», — деп белгілі спорт функционері, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Денис ЖАРМЕНОВ өз ойымен бөлісті.

Мен бірнеше шыңдарды бағындырғанмын, оның ішінде Сайрам шыңы (4 238 м),

Юхин (5 130 м), Арарат (5 137 м), Килиманджаро (5 895 м) бар, бірақ бұл өрлеу мен үшін ерекше маңызғ ие, өйткені біз мұны еліміздің жалпыхалықтық мерекесі, Қазақстан елордасы — Астана күні жасадық!

Әдемі қалаға өркендеу мен ырыс-береке, ал Қазақстанның көпұлтты халқына бейбітшілік, бақыт және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР