2024-07-27 08:26:27
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Облыстық «ФАРАБ» кітапханасына Сауран ауданының кітапхана керуені келді

Түркістан: Облыстық «ФАРАБ» кітапханасына Сауран ауданының кітапхана керуені келді

Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап Travel – 2023» акциясы аясында Сауран аудандық кітапханалар жүйесінің «Шежірелі өлкеден – Рухани темірқазыққа» шарасы өтті.

Акцияның негізгі мақсаты мен іске асыру бағыты – өңірлік кітапханалардың қызмет көрсету бағытындағы озық идеяларды анықтау, бүгінгі оқырманның сұранысын қанағаттандыру арқылы кітап оқудың жаңа тетіктерін қарастыру.

Әдеби мазмұнды шараны «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова ашып берді. Сондай-ақ Сауран аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Нәлшеева Құндызай сөз сөйлеп, кітапхана қорына біршама кітап табыстады. Шара барысында әдеби кейіпкерлер шеруі өтіп, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сайлаухан Жоланов тұлғалар рөлін сомдады.

Сонымен қатар кітапханашылар өз өнерін көрсете отырып, әріптестік ынтымақтастық пен кәсіби біліктілігін арттырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР