2024-06-13 23:11:48
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан музыкалық драма театры астананың бас театрларында қойылымдарын ұсынады

Түркістан музыкалық драма театры астананың бас театрларында қойылымдарын ұсынадыЕлорданың 25 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Түркістан музыкалық драма театры гастрольдік сапармен Астанаға барды.

Түркістан музыкалық драма театры 2023 жылдың 2-5 шілде аралығында Астана қаласының бас театрларында қойылымдарын көрермендерге ұсынады.

Театр ашылғанына аз уақыт өтсе де, бірнеше тарихи драмаларды сахналап үлгерді. Д.Исабековтың «Бөрте», Е. Аманшаевтың «Қорқыт», А. Нүсіптің «Мағжан», Т. Ахметжанның «Махаббат мұнарасы», Р.Мұханованың «Фариза», т.б спектакльдері тек қана түркістандық көрермендермен шектелмей, республика жұртшылығының іздеп келіп көретін қойылымдарына айналды. Қазір Түркістан музыкалық драма театрының репертуарында 9 спектакль бар.

Сапалы дайындалған спектакльдер бірнеше байқаулардың бас жүлделерін де иеленді. Дулат Исабековтың «Бөрте» спектаклі – Мәдениет және өнер саласындағы «Ұмай» тұңғыш ұлттық сыйлығын, II халықаралық «Исабеков әлемі» атты театр фестивалінің бас жүлдесін және «Театр сыншыларының бірлестігі» ұйымдастырған «Сыншылар жүлдесін» жеңіп алды. «Ticketon.kz» сервисінің 10 жылдығына арналған «Тикетон премия-2022» байқауында «Жылдың үздік премьерасын» жеңіп алды және театр актрисасы Айя Шәріп «Бөрте» ролі үшін «Жыл актрисасы» атанды. Талаптан Ахметжанның «Махаббат мұнарасы» қойылымы 2023 жылы «Ticketon.kz» сервисі ұйымдастырған байқауда «Жылдың үздік аймақтық спектаклі» номинациясы бойынша топ жарды.

Гастрольдік сапар барысында Түркістан музыкалық драма театры 4 шілдеде Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында жас драматург А. Нүсіптің «Мағжан» тарихи драмасын қояды. Спектакльде Мағжан Жұмабаевтың ағартушылық саласындағы еңбегі, махаббаты, ұлтқа адал қызметі, Сарыарқаны жайлаған аштық (1921-22 жж.) сынды өзекті тақырыптар бар.

Сондай-ақ, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» сахнасында драматургтер Е. Аманшаевтың «Қорқыт», Т. Ахметжанның «Махаббат мұнарасы», Р.Мұханованың «Фариза» спектакльдері 2-5 шілде аралығында қойылады.

Түркістан музыкалық драма театрының үздік қойылымдары Елорданың төрінде апта бойы салтанат құрады.

«Жастар» театрында:

2 шілде – «ФАРИЗА»

3 шілде – «МАХАББАТ МҰНАРАСЫ»

5 шілде – «ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ»

Басталуы: 19:00

 

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында:

4 шілде – «МАҒЖАН»

Басталуы: 19:00

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР