2024-04-23 07:07:04
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан мен Абай облыстары ішкі туризмді ілгерілетуге үлес қосады

Түркістан мен Абай облыстары ішкі туризмді ілгерілетуге үлес қосады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен еліміздің бірқатар өңірінде Түркістан облысының туристік әлеуетін насихаттау, өңірдің өзге аймақтармен ынтымақтастығын нығайту, туристер ағынын арттыру, ішкі туризмді ілгерілету, мақсатында ақпараттық турлар өткізу жоспарланған болатын.

Бұған дейін Ақтау қаласынан бастау алған іс-шара Атырау, Орал, Ақтөбе облыстары, көршілес Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында өткізілді. Туризм саласының өкілдерімен кездесіп, пікірлер ортаға салынып, нәтижесінде келіссөздер жүргізілді.

Ақпараттық тур Абай өңірінде де жалғасын тапты. Семей қаласында жергілікті туристік қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының өкілдері Ботакөз Мәуленова мен Айкерім Сәбитқызы өңірдің туристік әлеуетін, негізгі бағыттарын таныстырды.

Кездесу барысында Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы мен Абай ауданының Кәсіпкерлер палатасы, «Palma tour» және «S.C.Travel» ЖШС-і арасында ынтымақтастық меморандумы түзілді.

Айта кетейік, 2021 жылы өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының бейресми саммитінде Түркістан қаласы – Түркі әлемінің астанасы атанды. Облыстың туризмді дамыту бойынша 3 бағыт айқындалған. Олар: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Тарихи-танымдық бағытта туристерді тартатын 1 770 тарихи-мәдени ескерткіш болса, 72 емдік-сауықтыру орны жұмыс істейді. Жыл соңына дейін 2 емдік-сауықтыру кешенін пайдалануға беру жоспарлануда. Түркістан өңірі аумағында орналасқан «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі жалпы 4 ерекше қорғалатын табиғи нысанда 30 туристік маршруттар құрылған.

2022 жылдың қорытындысымен экологиялық туризм бағытындағы туристердің саны 74,9 мың адамды құраған болатын. 2023 жылдың 7 айының өзінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда демалушылар 101,8 мың адамнан асты. Ал, Түркістан қаласына туристер мен біркүндік келушілер саны 461,6 мың адамнан асып отыр.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР